Тоқаев мектептердегі орын тапшылығын азайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады.
Негізгі тезистер:
➤ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 білім ошағының құрылысы аяқталды.
➤ Бүгінде мектептердің 99 пайызы интернетке қосылды.
➤ «Әлеуметтік әмиян» жобасы 6760 мектепке енгізілген. Дипломдар, аттестаттар мен анықтамалар цифрлық форматқа көшірілді. «Ұстаз» платформасы педагогтерді аттестаттау үдерісін толығымен автоматтандыруға жол ашады.
➤ 200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына сай ЖИ-ассистентті пайдалану машығын меңгеріп жатыр.
➤Үш ауысымды 80 және апатты жағдайдағы 31 мектептің мәселесі шешімін тапты.
➤ Балабақшаға кезек 2 есеге жуық қысқарды.
Президент:
Білім сапасын арттыру және оны қолжетімді ету, мектептердегі орын тапшылығын азайту, жұмысшы мамандарды даярлау жүйесін дамыту, бюджет қаржысын тиімді жұмсау, саланы цифрлық тұрғыдан трансформациялау, соның ішінде Qazaq Digital Mektebi жобасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы алдағы үш жылда «Келешек мектептері» жобасының озық тәжірибесін білім беру ұйымдарына енгізу маңызды деп санайды.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram