avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
03.04.2026 12:14
Өскеменнің экс-әкімі 6 жылға сотталды

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға сот үкімі шықты. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Сот оны алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп таныды. Іс оның Өскемен әкімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған кезеңіне қатысты.

Тергеу мәліметінше, бір эпизодта ол шамамен 13 млн теңге тұратын 2021 жылғы Toyota Camry көлігін материалдық көмек ретінде рәсімдеп алған. Кейін бұл көлік үшінші тұлғаға аударылып, жаңасына ауыстырылған.

Тағы бір жағдайда ол әкімдік қызметкерінен 20 млн теңге сұраған. Қызметкер бұл туралы ҰҚК-ге хабарлап, барлық әрекет бақылауға алынған. Нәтижесінде делдал арқылы 6 млн теңге беріліп, оның 5,6 млн теңгесі ұсталған кезде тәркіленген.

Іс жеделдетілген тәртіппен қаралды.
👍 15
🤔 8
👏 3
2
1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram