Алаяқтар медицина қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып жатыр
Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға емханаларға барғаннан кейін түсетін күмәнді қоңыраулар туралы ақпараттың таралды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай жағдайлар еліміздің әртүрлі өңірлерінде тіркеліп жатыр және бұл медициналық ұйымдардың қызметіне байланысты емес. Алаяқтар азаматтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың сенімін пайдаланып, өздерін емхана немесе басқа мекеме қызметкерлері ретінде таныстырады.
ДСМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады:
• SMS-кодтарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
• телефон арқылы алынған ақпараттың шынайылығын тексеру;
• күмәнді қоңыраулар болған жағдайда өз медициналық ұйымына немесе құқық қорғау органдарына жүгіну.
SMS-кодтар пациенттерге тек цифрлық сервистерде авторизациядан өту шеңберінде ғана жіберіледі.
Медициналық ұйым қызметкерлері телефон арқылы SMS-код сұрамайды. Олар тек пациенттердің аты-жөні мен қабылдау жазбасын ғана нақтылауы мүмкін.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram