Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
«Harmony Rider Technology» (HRT) қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша үкім шықты. ҚМА мәліметінше, 2024 жылы бір топ тұлға өзін шетелде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастырған.
Салымшыларға төленетін табыс жаңа қатысушылардан тартылған қаражат есебінен қалыптасқан. Азаматтарды тарту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама жүргізіліп, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар ұйымдастырылған. Ақтөбе қаласында кеңсе жалға алынып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.
Салым сомасы 350 доллардан басталып, 20 000 долларға дейін барған. Уәде етілген табыс тәулігіне 12 доллардан 690 долларға дейін жеткен. Қаражатты заңдастыру үшін олар криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған.
Қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылған. Бұл ақшаға ұйымдастырушылар 3 автокөлік сатып алып, оның бірін туысының атына рәсімдеген.
Сот үкімімен ұйымдастырушыларға
6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
3 көлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram