Halyk қалай цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі
2 сәуір күні Halyk Academy білім беру жобасы аясында Halyk Bank-тің киберқорғау департаментінің мамандары Astana IT University-де студенттерге арналған қонақ дәріс өткізді. Сарапшылар қаржы секторында жасанды интеллектіні қолданудың тәжірибелік қырлары туралы ой бөлісіп, AI-дің цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді.
Студенттер мен жас мамандар іс-шара арқылы елдегі ірі қаржы институтының біріндегі маңызды бағыттардың нақты жұмыс процесімен танысуына таптырмас мүмкіндік алды. Қатысушылар киберқауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен шешімдер туралы тәжірибелік түсінік алды.
Әсіресе, студенттер үшін Halyk Bank-тің киберқорғау мамандары жұмыс істейтін нақты кейстер және киберқауіпсіздік саласындағы сұранысқа ие құзыреттер туралы ақпарат өзекті болды.
Halyk Academy жобасы банк тарапынан 2020 жылы іске қосылған. Ол жас IT-мамандар үшін оқыту арқылы тәжірибе жинақтап, Halyk Bank-те жұмысқа тұруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Толығырақ осы жерден
оқи аласыздар.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram