avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
03.04.2026 09:09
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттырмақ

ОПЕК+ ұйымына мүше сегіз ел 5 сәуірде өтетін кездесуде мұнай өндіру квотасын арттыру бойынша келісімге келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Тиісті шешім бастапқы кезеңде нарықтағы ұсыныс көлеміне айтарлықтай әсер етпейді делінген.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы қара алтын тасымалындағы іркілістерге әкелді. ОПЕК-тің жетекші өндірушілері – Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт және БАӘ өндірісті азайтуға мәжбүр болды. Әлемде саудаланатын мұнайдың 20%-дан астамы осы Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Ал Brent маркалы мұнай бағасы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткішке барреліне шамамен 120 долларға дейін көтерілді.

Ұйымға мүше тағы төрт ел – Ресей, Қазақстан, Алжир және Оман бұғаздың жабылуынан тікелей зардап шеккен жоқ. Алайда бұл елдердің де өндірісті айтарлықтай арттыруға мүмкіндігі шектеулі, деп хабарлайды Reuters.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
14
👏 8
👨‍💻 2
🎉 1
1 2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram