Ақтауда жүкті әйелдерге арналған жәрдемақыны заңсыз рәсімдеген есепші 5 жылға сотталды
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Ол Instagram* арқылы өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жөніндегі маман ретінде таныстырып, жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен. Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкерлік тіркелген.
Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындаған. Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.
Мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Сот үкімімен есепші 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа
үш бөлмелі пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram