avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
02.04.2026 09:30
Елімізде алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды

Қаскүнемдер өздерін компания, мемлекеттік органдар және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстыруға көшкен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қауіпін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.

Кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі. Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.

ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 8
3
👎 1
2 1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram