Еуроодақ Украинаға 1,4 млрд еуро бөледі
Еуропалық одақ Ресейдің Орталық банкінің бұғатталған активтерінен түскен табысты Украинаға осымен төртінші рет аудармақ. Қаражат көлемі 1,4 млрд еуроға тең. Бұл 2025 жылдың екінші жартысында жиналған пайыздық кіріс. Алдыңғы транш 2025 жылдың тамызында жіберілген болатын.
Ресей Орталық банкінің активтері бұғаттаулы тұр, алайда шоттардағы қалдыққа есептелген пайыздар Ресейге тиесілі емес. Еурокомиссия ұсынысымен осы пайыздық кірістерді Украинаға көмек ретінде бағыттау туралы шешім қабылданған.
Түскен қаражаттың 95%-ы Украинамен несие ынтымақтастығы тетігіне (ULCM) жіберіледі. Қалған 5%-ы Еуропалық бейбітшілік қоры (EPF) арқылы бөлінеді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram