avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
01.04.2026 17:52
АҚШ Қазақстан арқылы ресейлік мұнайды Қытайға тасымалдау лицензиясын ұзартты.

Тиісті рұқсат 2027 жылдың 19 наурызына дейін қолданыста болады. АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) берген алдыңғы лицензия биылғы сәуірге дейін күшінде болған.

Қазақстан 2034 жылға дейін жасалған үкіметаралық келісім аясында Қытайға жыл сайын 10 млн тонна ресейлік мұнайды тасымалдайды. Бүгінде Астана мен Мәскеу бұл көлемді жылына 12,5 млн тоннаға дейін арттыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады Bloomberg агенттігі.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👎 27
5
1
👍 1
1 1 2K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram