avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
01.04.2026 16:33
Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақыны арттыру ұсынылды

Қазір елімізде донорларға 0,25 АЕК немесе 983 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді. Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл төлем түрі осыдан 20 жыл бұрын белгіленгенін әрі осы уақытқа дейін қайта қаралмағанын айтады.

«Қазақ тағамтану академиясының ұсынымдарына сәйкес, қан тапсырған күні донор кемі 5 мың килокалория алуы тиіс. Мұндай тағамның нақты құны 5 мың теңгеден асады, яғни шамамен 1,25 АЕК», – дейді депутат.


Айтуынша, қан донорларына берілетін ақшалай өтемақыны республикалық бюджет есебінен 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін арттыру қажет. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларының жергілікті бюджеттері есебінен тромбоцит донорларына жыл сайын қосымша ынталандыруды да қарастыру ұсынылды.

«Тиісті әлеуметтік жеңілдіктермен бірге «Құрметті донор» мәртебесін қайта енгізу қажет. Жергілікті атқарушы органдарға донорлықты дамыту жөніндегі жыл сайынғы жоспарларды бекітуді тапсыру керек. Корпоративтік донорлық тетіктерін әзірлеп, бизнес, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың қатысуын күшейткен жөн», – делінген депутаттық сауалда.


Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 20
7
😎 5
1 1 1.9K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram