Желі арқылы теріс діни насихат жүргізетіндерді қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды
Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтып отыр. Сөзінше, интернет арқылы халықтың санасына манипуляция жасайтын «псевдодіни авторитеттерге» тосқауыл қою керек.
«Түптеп келгенде, ұлттық мұрат пен халықтық мұраға орасан зор залалын тигізетін бұл проблеманың тұңғиығы терең және әлдеқайда қауіпті болмақ. Ең бастысы, бұл уағызшысымақ тобыр біздің жас өскін ұрпақты, елдің болашағын улауда. Сырттан сіңген теріс діни усойқы уағыз, әсіресе, буыны бекімеген жастардың сарыуыз санасына желімдей жабысып, оларды ұлттық салт-дәстүр дағдысынан айырудың айласын жасауда. Олардың сиқырына алданған, дәстүрлі құндылықтардан қағылу, елдік мүддеден ажырау қатеріне іліккен жастар «жоғалған ұрпаққа» айналуы ғажап емес», – деді мәжілісмен.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 31
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram