▪️2026 жылғы 24 шілдеде Астана қалалық сотында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген (2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енетін) өзгерістерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
▪️ Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, жеке сот орындаушылары, адвокатура өкілдері, судьялар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
▪️ Дөңгелек үстелді Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Г.Т. Абдрахманова ашты.
Модератор – Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т. Амангелдин.
▪️ Іс-шара барысында төмендегі баяндамалар тыңдалды:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің талдау жұмысы және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының м.а. В.Ю. Титкова – «Заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы»;
- Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасарының м.а. Қ.А. Нұрбаев – «Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына енгізілген өзгерістер»;
- Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы М.К.Ташев – «Атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот бақылауы».
▪️ Дөңгелек үстелде келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- атқарушылық іс жүргізу тараптары ретінде азаматтардың құқықтарын қорғау;
- өндіріп алушылар мен борышкерлердің құқықтары теңгерімін қамтамасыз ету;
- жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейту;
- заңнама нормаларын бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету;
- соттар, әділет органдары және жеке сот орындаушылары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру.
▪️ Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, заңнаманы қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында осындай кәсіби алаңдардың маңыздылығын атап өтті.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
@astanasottary
@Jogargy_sot
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram