avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:21
Ильхам Әлиев Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымы мен мән-маңызына тоқталды. Әзербайжан Президенті елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді

– Шын мәнінде, қарым-қатынасымыз табысты ілгерілеп, одақтастық сипатқа ие болды. Күн өткен сайын нақты мазмұнмен толығып келеді. Құрылтай сайлауының табысты өтуі және Қазақстан халқының қолдауы Сіздің реформаларыңыз бен бастамаларыңызды қоғам дұрыс қабылдайтынын көрсетеді, – деді Ильхам Әлиев.


emojiӘңгімелесу кезінде сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ көлік, логистика, энергетика және цифрландыру сияқты түрлі саладағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

emojiКездесу соңында тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

@aqorda_resmi
4 10K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.8K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram