avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:55
emojiПрезидент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

@aqorda_resmi
1 10.7K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:21
Ильхам Алиев подчеркнул масштабность и важное значение проводимых в Казахстане реформ. Президент Азербайджана также выразил твердый настрой на дальнейшее укрепление всестороннего сотрудничества между нашими странами

– Наши отношения успешно развиваются, носят союзнический характер и наполняются конкретикой день ото дня. Безусловно, успешное проведение выборов в Курултай и общественная поддержка, выраженная народом Казахстана Вашему курсу, – это еще одно подтверждение того, что общество очень правильно и адекватно реагирует на все реформы и шаги, которые Вы предпринимаете, – заявил Президент Азербайджана.


emojiВ ходе встречи были рассмотрены вопросы торгово-экономического и инвестиционного взаимодействия, а также ход реализаций совместных проектов в различных сферах, включая транспорт, логистику, энергетику и цифровизацию.

emojiВ завершение беседы стороны обсудили график предстоящих международных мероприятий.
 
@aqorda_resmi
10 10.4K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:21
Ильхам Әлиев Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымы мен мән-маңызына тоқталды. Әзербайжан Президенті елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді

– Шын мәнінде, қарым-қатынасымыз табысты ілгерілеп, одақтастық сипатқа ие болды. Күн өткен сайын нақты мазмұнмен толығып келеді. Құрылтай сайлауының табысты өтуі және Қазақстан халқының қолдауы Сіздің реформаларыңыз бен бастамаларыңызды қоғам дұрыс қабылдайтынын көрсетеді, – деді Ильхам Әлиев.


emojiӘңгімелесу кезінде сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ көлік, логистика, энергетика және цифрландыру сияқты түрлі саладағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

emojiКездесу соңында тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

@aqorda_resmi
4 10K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:21
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Ильхамом Алиевым
 
emojiВ ходе встречи, состоявшейся на полях саммита ШОС, Касым-Жомарт Токаев рассказал Президенту Азербайджанской Республики Ильхаму Алиеву о масштабных политических реформах в Казахстане и об итогах первых выборов в однопалатный Курултай.

emojiПо его словам, это историческое событие стало важным этапом на пути всеобщей модернизации. Глава нашего государства поблагодарил азербайджанского лидера за теплые поздравления по случаю проведения выборов в Курултай, а также активное участие миссии наблюдателей из Азербайджана.

– Впервые в нашей истории текущие выборы получили единогласно хорошую, положительную оценку со стороны международных организаций. Курултай настроен на активную работу с азербайджанским Парламентом – Милли Меджлисом. Я буду со своей стороны всячески поддерживать это направление сотрудничества. Что касается межгосударственных отношений в целом, то они активно развиваются. Я держу под контролем все основные вопросы нашего сотрудничества. Полагаю, что есть все основания выразить удовлетворение тем, каким образом они развиваются. И, конечно же, главный фактор этого успеха – политическая воля глав государств, – сказал Президент.


@aqorda_resmi
18 10K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 13:21
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті

emojiШЫҰ саммиті аясында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке Қазақстандағы ауқымды саяси реформалар мен алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының нәтижесі жөнінде әңгімеледі.

emojiМемлекет басшысы елдің саяси өміріндегі аталған тарихи уақиға жан-жақты жаңғыру жолындағы маңызды кезең саналатынын атап өтті. Президент Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты білдірген жылы лебізі, сондай-ақ Әзербайжан өкілдерінің байқаушылар миссиясы құрамындағы белсенділігі үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

– Еліміздің тарихында бұл сайлау тұңғыш рет халықаралық ұйымдар тарапынан бірауыздан оң бағаға ие болды. Құрылтай Әзербайжан Парламенті – Милли Мәжіліспен белсенді жұмыс істеуге ниетті. Мен өз тарапымнан осы бағыттағы ынтымақтастықты барынша қолдаймын. Мемлекетаралық қарым-қатынас ойдағыдай дамып келеді. Өзара ықпалдастыққа қатысты негізгі мәселелерді ұдайы назарда ұстаймын. Осы орайдағы байланыстарға көңіл толады. Бұл жетістіктің негізгі қозғаушы күші – мемлекеттер басшыларының ерік-жігері екені сөзсіз, – деді Президент.


@aqorda_resmi
7 11.5K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 12:10
Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Кыргызстана Садыра Жапарова прибыл с рабочим визитом в Бишкек для участия в 26-м заседании Совета глав государств – членов Шанхайской организации сотрудничества и встрече в формате «ШОС+»

Глава государства также посетит официальную церемонию открытия VI Всемирных игр кочевников.

В аэропорту Манас Главу нашего государства встретил Председатель Кабинета министров – Руководитель Администрации Президента Кыргызстана Адылбек Касымалиев.

@aqorda_resmi
23 13.9K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 12:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

@aqorda_resmi
11 14.5K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 12:00
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Мухаметкали Ринат Закиулы назначен заведующим Общим отделом Администрации Президента Республики Казахстан.

@aqorda_resmi
35 14.1K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 09:35
Глава государства принял Заместителя Председателя Совета Безопасности Республики Казахстан Аиду Балаеву
 
emojiВ ходе встречи Касым-Жомарт Токаев обозначил ряд первоочередных задач, в том числе связанных с созданием Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан.

emojiНовый государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту, будет заниматься вопросами обеспечения национальной безопасности, законности и правопорядка.

@aqorda_resmi
30 16.2K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 09:35
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

emojiКездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

emojiПрезидентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

@aqorda_resmi
11 15.3K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 09:02
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Нурдаулетов Гизат Дауренбекович освобожден от должности Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан.


@aqorda_resmi
32 15.2K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 09:01
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Балаева Аида Галымовна назначена
Заместителем Председателя Совета Безопасности Республики Казахстан.

@aqorda_resmi
141 16K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 08:01
Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова
 
emojiВ ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил ключевые задачи Правительства на предстоящий период и дал конкретные поручения по дальнейшему социально-экономическому развитию страны.

emojiГлава государства акцентировал внимание на необходимости обеспечения устойчивых темпов экономического роста, повышения эффективности государственного управления и последовательного улучшения благосостояния граждан.

emojiПрезидент поручил обеспечить слаженную работу всех государственных органов, усилить исполнительскую дисциплину и сосредоточить деятельность Правительства на достижении конкретных результатов.

@aqorda_resmi
16 16.4K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 08:01
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

emojiКездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

emojiМемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды.

emojiПрезидент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.

@aqorda_resmi
6 15.1K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 07:50
Глава государства принял Вице-Президента Ерлана Карина
 
emojiКасым-Жомарт Токаев отметил, что должность Вице-Президента закреплена Конституцией Республики Казахстан и имеет особое значение в системе государственного управления.

emojiПрезидент поставил перед Ерланом Кариным ряд конкретных задач.

emojiВ частности, Вице-Президенту поручено обеспечить представление позиции Главы государства во взаимодействии с Курултаем, Правительством и другими государственными органами по ключевым вопросам государственной политики.

@aqorda_resmi
22 13.3K
avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
31.08.2026 05:54
Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

emojiКездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция жетекшілерімен кеңесуге тиіс екенін айтты.

emojiТалқылауға «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.

@aqorda_resmi
12 14.9K

Aqorda 🇰🇿

78.8K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram