avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
25.04.2026 13:11
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді

emojiОсы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген.

emojiЖыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

emojiМинистрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған.

emojiЕлді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.

emojiІс-шараға Ақсу-Жабағылы табиғи қорығынан Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров пен эковолонтер Аида Мақанбай, Жайық жағасынан Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев пен экобелсенді Нұрсұлтан Сәрсенбаев, Шығыс Қазақстан облысынан аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Үлбі металлургия зауытының басқарма төрағасы Сергей Бежецкий, Баянауылдан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен «Жасыл ел» Павлодар облысы штабының жетекшісі Русана Сулаймонова бейнебайланыс арқылы қосылып, жалпыұлттық экологиялық акция аясында өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

@aqorda_resmi
3 5.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram