avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
23.04.2026 16:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады

emojiӘңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады.

emojiПрезидент бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтіп, еліміз француз компаниясымен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды.

emojiEDF басқарма төрағасының айтуынша, компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.

emojiПрезидент Қазақстан халықаралық серіктестермен, соның ішінде EDF компаниясымен ашық және тең дәрежелі қағидаттарға сай тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін растады.

emojiКездесуде уран жеткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

@aqorda_resmi
3 6.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram