avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
23.04.2026 15:00
Халықаралық конвенция өкілдері Өңірлік экологиялық саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын жеткізді

emojiОлар халық арасында экологиялық сана қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды құптайтындарын мәлімдеді.

emojiСонымен қатар мәртебелі меймандар еліміздің климат және су проблемаларын шешуге қатысты жаһандық бастамаларына қолдау көрсетті.

emojiКездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) атқарушы директоры Ингер Андерсен, Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) Бас хатшысы Ивонн Игеро, БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конвенциясының атқарушы хатшысы Астрид Шомакер, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы Рольф Пайе қатысты.

@aqorda_resmi
3 5.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram