avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
23.04.2026 15:00
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

emojiМемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады.

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

emojiПрезидент еліміз орнықты дамуды қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша халықаралық институттардың қызметіне баса мән беретінін атап өтті.

emojiМемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруды жақтайды. Еліміздің жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған.

@aqorda_resmi
4 5.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram