avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
23.04.2026 13:02
БҰҰ өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, Қазақстан Президенті пленарлық отырыста мазмұнды баяндама жасағанын оң бағалады

emojiОлардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген идеялар пікірталасқа негіз болып, Қазақстанның бастамалары өзекті екенін көрсетті.

emojiКездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына өздері жетекшілік етіп отырған ұйымдардың қызметі және климат, су қауіпсіздігі, апаттардың қаупін азайту, азық-түлік тұрақтылығы бағыттарында жүзеге асырып жатқан жобалары жайында мәлімет берді.

emojiӘңгімелесу барысында Қазақстанның жаһандық бастамаларына айрықша мән берілді.

emojiМемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру идеясын көтергенін жеткізіп, Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығы өңірлік ықпалдастықты ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

emojiПрезидент Қазақстан орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеу жолында БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыта беретінін растады.

emojiКездесуге БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюй, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнаулы өкілі және БҰҰ апаттар қаупін азайту жөніндегі басқарма басшысы Камал Кишор, Дүниежүзілік метеорология ұйымының Бас хатшысы Селеста Сауло, Климат өзгерісі бойынша сарапшылардың үкіметаралық тобының төрағасы Джим Скеа, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары – Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Виорел Гуцу қатысты.

@aqorda_resmi
3 5.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram