avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
23.04.2026 13:01
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті

emojiПрезидент осындай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табудағы БҰҰ-ның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

emojiМемлекет басшысы геосаяси тұрақсыздық белең алған шақта климат өзгерісі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы секілді қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды үйлестіру өте өзекті екеніне тоқталды.

– Қазақстанның тиімді әрі көпжақты дипломатияны қолдайтынын жақсы білесіздер. Қарабайыр күш халықаралық құқыққа үстемдік етіп отырған, геосаяси ахуал ушыға түскен құбылмалы кезеңде сіздермен жолығып отырмыз. Кеше осы күрделі мәселелер жөнінде егжей-тегжейлі баяндадым. Халықаралық қоғамдастық мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлесе шешуі керек, – деді Мемлекет басшысы.


emojiПрезидент жаһандық мәселелерді шешуде мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыра алатын БҰҰ-ның әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне назар аударды. Осы орайда Ұйымның тиімділігі мен беделін көтеруге арналған Бас хатшының UN80 бағдарламасын қолдайтынын тағы да атап өтті.

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясының мүшелеріне елімізде әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын айтты.

@aqorda_resmi
4 6.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram