avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
22.04.2026 16:36
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті.

Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады.

Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты.

Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

@aqorda_resmi
3 6.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram