avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
22.04.2026 14:42
Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады

emojiПрезиденттер мен шетелдік делегациялардың басшылары RES 2026 EXPO жасыл және орнықты технологиялар халықаралық көрмесіне барды.

emojiҚазақстан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және басқа да мәртебелі меймандарға Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық басымдықтарға ден қойылған.

emojiЭкспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.

emojiМемлекеттер басшыларына аймақ елдеріндегі бизнестің экожобалары көрсетілді. Аталған бастамалар аясында компаниялар жасыл энергетика, экологиялық орта қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарында өндірістік шешімдер ұсынады.

emojiКөрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосты. 120-дан аса павильонда орнықты даму саласындағы озық бастамалар көпшілік назарына ұсынылды.

emojiМемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңына айналған инвестициялық форум ерекше маңызға ие.

emojiЭкспозицияда орнықты даму мен экологияның өзекті мәселелері талқыланатын халықаралық кездесулер, сарапшылар арасындағы пікірталастар өтіп жатыр.

emojiСондай-ақ инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Жасыл» стартаптардың байқауы ұйымдастырылды.

emojiМеймандар аймақ елдері дизайнерлерінің туындылары мен экологиялық кино фестивалін тамашалай алады.

@aqorda_resmi
4 5.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram