avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
22.04.2026 13:22
⚡️Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

«Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр.

Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық.

Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:

emoji халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;

emoji шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;

emoji ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;

emoji нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;

emojiауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.

Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз».

@aqorda_resmi
4.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram