avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
15.04.2026 17:10
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

emojiПрезидентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды.

Ренат Бектұров:

➤ Орталық құрылғаннан бастап тартылған инвестиция көлемі 21,5 миллиард долларға жеткенін (2025 жылдан бері – 7,2 миллиард доллар) мәлімдеді.

emojiОрталықтың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 5,4 миллиард долларды құрады.

➤ АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 284,3 миллиард теңге салық төлегенін (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), былтырдың өзінде 135,9 миллиард теңге аударғанын айтты.

emojiСалық түсімдері өсуіне негізінен қатысушылар санының артуы және олардың қызметінің жандануы әсер етті. Мәселен, 2025 жылдан бастап 1800-ден астам жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты.

➤ АХҚО органдары мен ұйымдары атқарған жұмыс нәтижелерін баяндады.

emojiAIX биржасы құрылғаннан бері борыштық және үлестік капитал көлемі 12,4 миллиард долларға артты. 2023-2025 жылдардағы сауда-саттық 4 миллиард долларға жетті.

emojiБылтырдан бері АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады, ал оның жалпы саны 4900-ден асты.

➤ Авиациялық-қаржылық экожүйені дамыту мақсатында Aviation Finance Hub іске қосылғаны туралы мәлімет берді.

emojiБұл бастама әуе кемелерін қаржыландыру мен лизингті дамытуға, салалық сараптаманы жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ АХҚО геологиялық барлаудың бастапқы кезеңдеріндегі жобаларға инвестиция тартуды көздейтін арнайы платформаны іске қосты.

emojiОрталық венчурлық қорлар мен студиялар және краудфандинг платформалар ашу арқылы өңірдегі креативті индустрияны қолдауға арналған экожүйені дамытуда.

Мемлекет басшысы:


emojiОрталықты одан әрі ілгерілетуге қатысты бірқатар міндет жүктеді. Осы орайда, АХҚО-ның халықаралық беделін күшейту, реттеуші ортасын жетілдіру, елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның қаржы нарығын дамыту мақсатында Орталық тәжірибесін жаппай тарату қажет екенін атап өтті.

@aqorda_resmi
9 8.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram