avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
14.04.2026 14:52
Беларусь сыртқы істер министрі арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Александр Лукашенконың ізгі сәлемін жеткізді

– Ең әуелі Президентіміз Александр Григорьевич Лукашенконың атынан Сіздерге мемлекетті өркендету, Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісінде толайым табыс тілеймін. Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын атап өткім келеді. Мұндай әлеуметтік саясат елдерімізді жақындастырып, барлық бағыттағы байланыстарымызды бекемдей түседі. Ал мемлекеттер басшылары арасындағы жеке қарым-қатынас бәрімізге үлгі. Өзара ықпалдастықтың барлық деңгейінде Сіздердің қолдауларыңызды сезініп отырамыз, – деді Максим Рыженков.


emojiӘңгімелесу барысында өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілді.

emojiҚазақстан өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраған.

emojiҚазақстан Президенті Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл мемлекеттеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.

emojiБұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Максим Рыженков өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

@aqorda_resmi
3 7.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram