avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
11.04.2026 20:33
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан рет қирағанымен қайта қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бекініс аумағында Бұхара мемлекеттік музей-қорығы орналасқан.

emojiБұдан кейін мемлекеттер басшылары Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.

emojiҚазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.

emojiБұхара ғасырлар бойы Орталық Азиядағы негізгі рухани ілім орталықтарының бірі болғаны белгілі.

emojiЖергілікті медреселерде қазақтың Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұржан Наушабаев, Шортанбай Қанайұлы және басқа да көрнекті қайраткерлері білім нәрімен сусындаған. Олардың есімдері екі ел тарихына ортақ.

emojiБұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музей-құжырасы таныстырылды. Президенттер Бұхарада оқыған қазақ зиялылары туралы көрмені аралап көрді.

@aqorda_resmi
9 6.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram