avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
11.04.2026 18:00
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады.

emojiМемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды.

emojiХакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.

emojiӨңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

emojiПрезиденттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды.

@aqorda_resmi
9 6.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram