avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
11.04.2026 11:20
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады

✍️ Қасым-Жомарт Тоқаев шығыстану ғылымына қосқан елеулі үлестері және филология саласының қытайтану бағытын терең зерделеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға, мәдени құндылықтарымызды насихаттауға, екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтуға сіңірген айрықша еңбектері үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін, сондай-ақ ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.

Осы орайда Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.

@aqorda_resmi
4 10.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram