avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
10.04.2026 17:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

emojiКездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды.

emojiМемлекет басшысы қаржы институтының негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

emojiҚасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

emojiНиколай Подгузов Мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды. Соған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.

emojiПрезидентке банктің 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырған стратегиясы аясында жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл – банктің өткен 15 жылда салған инвестициясымен парапар.

emojiАтап айтқанда, 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетика саласына, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына бағытталды. Цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.

emojiМемлекет басшысы қаржы институты қызмет көрсететін аймақтардың айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл жаңа бастамаларды іске асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.

emojiКездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Николай Подгузов Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

@aqorda_resmi
12 8.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram