avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
10.04.2026 13:06
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс»

«Тағы бір мәселе. Ғылымның әлеуетін ел игілігіне жарата білу қажет. Ғалымдарымыз ашқан жаңалықтар зертханалар аясында қалып қоймауы керек.

Нақты нәтиже беретін, өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру қажет. Бір сөзбен, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс. Бұл мақсат Үкіметтің ұдайы назарында болуы керек, себебі осы міндеттің еліміз үшін мән-мағынасы ерекше.

Сонымен қатар бұл – әлемдегі ең үздік компаниялардың берік ұстанымы, бұлжымас қағидасы. Жаһандық деңгейдегі ірі технологиялық корпорациялар бірінші кезекте білім мен ғылымға басымдық береді, ғылыми жаңалықтарды өндіріске жедел енгізеді.

Таланттарды қызметке тарту жағынан да бұл компаниялар көш бастап тұр. Адам капиталы олардың негізгі күш-қуаты саналады. Технология мен инновация – дамудың ең басты әрі баламасыз шарты. Мұны ХХІ ғасырдың үздік компаниялары дәлелдеп отыр».

@aqorda_resmi
3 6.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram