Кан Хун Шик қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумның табысты өтуіне орай Президент Ли Чжэ Мёңнің құттықтауын жеткізді
Арнаулы өкіл Корея Республикасының сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту, сондай-ақ түрлі салада бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзара қарым-қатынасты мүлдем жаңа деңгейге шығаруға айрықша маңыз артатынын мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе, соның ішінде жаһандық нарықтағы қазіргі сын-қатерлерге байланысты энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастық аясын кеңейту перспективасы талқыланды.
Кездесу соңында Кан Хун Шик Президент Ли Чжэ Мёңнің Қазақстан Президентін Корея Республикасына сапармен келуге және биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Мемлекет басшысы жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздер екі ел ынтымақтастығын жандандырып, Орталық Азия – Корея Республикасы форматындағы ықпалдастықты арттыруға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.
@aqorda_resmi
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram