avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
06.04.2026 15:45
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

emojiПрезидентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды.

Жанат Элиманов:

➤ Бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталғанын айтты.

emojiҒылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері айқындалды.

emojiМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған, ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

➤ Алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғаны және банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленгені жөнінде есеп берді.

emojiЖалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылған. 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз түрде бірінші санаттағы лицензия алуына жол берілген жоқ.

➤ Қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес саласында атқарылған жұмыстарды таныстырды.

emojiАтап айтқанда, заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың есепшотындағы қаржының жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан.

emoji«Көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталған. Жалған компаниялар мен құжаттарды пайдалану фактілері бойынша 23 іс тіркелген, келтірілген залал – шамамен 13 миллиард теңге.

emojiҚаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Криптовалюта айырбастауға қатысты заңсыз онлайн сервистерге кіруге арналған 483 сілтеме жойылды.

Мемлекет басшысы:

emoji�Агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

@aqorda_resmi
17 15.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram