Қазақстан Президентінің атына Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде.
Ресей Президенті
Владимир Путин жеделхатында екі ел арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өткен.
– Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатына ие. Бұл байланыстар қос халықтың игілігі үшін және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесіне сай алдағы уақытта дәйекті түрде дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.
ҚХР Төрағасы
Си Цзиньпин Мемлекет басшысы мен қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың деніне саулық, еңбегіне табыс тіледі.
– Былтыр Сізбен екі мәрте кездестік. Біз екіжақты қарым-қатынас пен түрлі саладағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестіктің жаңа даму кезеңіне жедел қадам бастық. Мен өзара саяси сенімді тереңдетуге, сан қырлы ықпалдастықты нығайтуға және тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қоғамдастығын одан әрі дамытуға әрі іске асыруға Сізбен бірге күш жұмылдыруға әзірмін, – деп жазды Қытай көшбасшысы.
Өзбекстан Президенті
Шавкат Мирзиёев ерте заманнан келе жатқан мереке екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп, өзбек-қазақ халықтарының тұрмыс-тіршілігіндегі айтулы күн деп санайды.
– Жоғары деңгейдегі диалогты жандандырудың және бірлескен күш-жігердің арқасында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара құрмет пен қолдауға негізделген стратегиялық қарым-қатынас пен одақтастық жоғары сапалы деңгейге көтерілді. Алдағы уақытта да осы бағыттан айнымаймыз деп сенемін, – делінген жеделхатта.
@aqorda_resmi
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram