avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
21.03.2026 14:09
⚡️Мемлекет басшысы: «Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар»

«Жаңа Конституция – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы.

Себебі біз бас құжатымызды қазіргі мүлде жаңа, тарихи, геосаяси жағдайда қабылдап отырмыз. Сондықтан бұл – еліміздің жасампаз рухының көрінісі деп айту қажет

Халық Конституциясын Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы деуге толық негіз бар. Ата заңымыздың ең басты мақсаты – еліміздің Тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғау және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

Сонымен қатар Конституцияға сәйкес Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, адам капиталын нығайту, яғни білімді, ғылымды, инновацияны дамыту, еңбекқорлықты дәріптеу, сондай-ақ табиғатты қорғау стратегиялық маңызы бар міндет ретінде айқындалды.

Ел тарихында алғаш рет Конституцияда мемлекеттік Ту, Әнұран, және Елтаңбамен қатар ұлттық валютамыз мемлекет нышаны ретінде көрініс тауып, бекітілді. Сонымен бірге еріктілердің (волонтерлердің) жанкешті қызметі де конституциялық сипатқа ие болды».

@aqorda_resmi
1 4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram