avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
20.03.2026 16:00
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

emojiҚасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.

emojiДархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайызды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады.

emojiШаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

emojiАлматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді.

emojiТуризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде.

emojiБас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.

emojiҚоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады.

emojiИнженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр.

emojiЭкологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.

emojiКездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

@aqorda_resmi
7 10.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram