avatar
Aqorda 🇰🇿
@aqorda_resmi
18.03.2026 12:51
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады

emojiПрезидент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады.

Арман Шаққалиев:

➤ 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің 19 пайызға жуығы сауда-саттыққа тиесілі екенін баяндады.

emojiҚазақстан экономикасының маңызды секторларының бірі саналатын салаға 1,2 триллион теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы 8,9 пайызға ұлғайып, 80,3 триллион теңгеге жеткен.

➤ электронды сауданың дамуы жөнінде мәлімет берді.

emojiБылтыр оның көлемі 3,9 триллион теңгені құраған. Бұл – бөлшек сауданың 15 пайызына тең.

emojiЕлімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Астана мен Алматы қалаларында екі ірі фулфилмент-орталық салынып жатыр.

➤ Сауда және интеграция министрлігі еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп жатыр.

emojiЖаһандағы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызметтер көлемі 41 миллиард долларға жетті.

emojiЭкспорттаушыларды қаржылай қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, сақтандыру сомасының максималды мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін көбейіп, қолдау шаралары екі есе артты.

➤ Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

emojiЕАЭО құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды.

emojiКеліссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Оның қатарында Қазақстан кәсіпорындарына демпингке қарсы баж салығын төлемей, кейбір тауар түрлерін кіргізуге квота беру секілді маңызды мәмілелер бар.

Президент:

emojiведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, сондай-ақ елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

@aqorda_resmi
8 5.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Aqorda 🇰🇿

78.1K
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Открыть в Telegram