Беларусь Президенті
Александр Лукашенко Конституциядағы қағидаттардың іске асуы Қазақстанның гүлденуіне негіз қалайтынын атап өткен.
– Референдум нәтижесі Сіздің елді жаңғырту және мемлекеттілікті нығайту бағдарыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін тағы да дәлелдеді. Қоғамның Әділетті Қазақстанды құру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы ауызбіршілігін аңғартты, – деп жазылған жеделхатта.
Қазақстан Президентіне жылы лебізін Сербия Президенті
Александр Вучич те жолдады.
– Еліңіздің шынайы әрі уақыт тезінен өткен досы ретінде Сіздің өршіл мақсат пен елеулі нәтижеге ұмтылатын әр қадамыңызды ықыласпен атап өтемін. Бұл – күрделі шешімдер қабылдауды, күнделікті және ұзақмерзімді міндеттерді табанды түрде орындауды қажет ететін үлкен жұмыс. Сонымен қатар тәжірибелі әрі парасатты көшбасшылардың қалай батыл шешім қабылдайтынын көрсетеді, – деп жазды Сербия Президенті.
Армения Премьер-министрі
Никол Пашинян жеделхатта атап өткендей, жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан азаматтарының ел Тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға, заң үстемдік құратын бақуатты заманға сай қоғам құруға жауапкершілікпен қарайтынын байқатады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхаттарын Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы
Нұрлан Ермекбаев, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бас хатшысы
Сергей Лебедев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы
Кубанычбек Өмірәлиев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы
Таалатбек Масадыков, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы
Асад Маджид Хан, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасы
Бақытжан Сағынтаев және тағы басқалар жолдады.
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр.
@aqorda_resmi
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram