Первое интервью Каната Шарлапаева на казахском языке
«Руководство “Атамекена” не посещало Мангистаускую область последние четыре года» - Канат Шарлапаев
Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» Канат Шарлапаев в интервью YouTube-каналу Adal ADAM объяснил, почему снизился авторитет Палаты.
https://youtu.be/Bx9kV9VTaDw
YouTube
ЭКСКЛЮЗИВ. Қанат Шарлапаевпен ашық әңгіме: қазақ тілі, отбасы жайлы, утильалым және бизнес мәселесі
«Adal ADAM» youtube арнасына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев сұхбат берді.
Ол жаңа қызметіне 2026 жылдан бастап кірісті. Оған дейін «Бәйтерек» холдингінің басшысы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымдарын атқарған.
Сұхбат барысында Қанат Шарлапаев Қазақстандағы бизнес ортаның ең өзекті мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Салық кодексіне байланысты кәсіпкерлердің көзқарасы мен мүддесі, тексерістер мен қысым, сондай-ақ «Атамекен» палатасының беделі мен болашағы туралы ашық пікір білдірді.
Бұдан бөлек, Ресейде туып, Еуропада қызмет атқарған Қанат Шарлапаевтың Қазақстанға келуінің себебі, қазақ тілін қалай үйренгені, утильалым мен Кармет төңірегіндегі мәселелер де сөз болды.
Сұхбаттың толық нұсқасын Adal ADAM YouTube арнасынан көре аласыздар.
#ҚанатШарлапаев #Атамекен #кәсіпкерлерпалатасы #қазақтілі #утильалым
ВИДЕОНЫ ТАЙМ-КОД АРҚЫЛЫ КӨРІҢІЗ!
00:00 Тизер
02:00 Таныстыру
02:55 «Бірінші рет қазақ тілінде youtube арнаға сұхбат беріп отырмын»
03:14 Шарлапаев қазақ тілін қалай үйренді?
05:28 Бизнес қазақ аудиториясына бейімделіп жатыр
07:11 Утильалым дауы және Шарлапаевтың репутациясы
10:51 Шарлапаев қандай көлік тізгіндейді?
11:25 Шарлапаевтың Қазақстанға келуіне не себеп болды?
13:46 «Балаларым қазақ мектебінде оқып жатыр»
14:13 Шарлапаевты Қазақстанға кім шақырды?
15:03 Қанат Шарлапаевтың қос азаматтығы бар ма?
15:59 Қазақстан жүйесіне, ортаға қалай үйренді?
18:16 «Әйелім қазақ»
18:27 Сити инвестбанкте жоғары лауазымды қызмет атқарған жалғыз қазақ
21:40 Шахталар мен зауыттардағы апаттар: Карметтің басшылығы қандай қиындықпен ауыстырылды?
23:37 «Мотивацияны Қонаевтан алдым»
25:19 Салық кодексі: Бизнес қауымдастықтың көңілі неге толмай жатыр?
30:23 Қазақстандық кәсіпкерлер салықтан қашып бизнесін шетелге тіркеп жатыр ма?
31:17 Шарлапаевқа бизнес қауымдастық сене ме?
36:15 Шарлапаев «кәсіпкерлердің мүддесін қорғаймын» деп уәде берді ме?
37:48 «Атамекен» ҰКП беделінен айырылып қалды»
40:57 «Атамекен» ҰКП таратып жіберу керек»
42:38 Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке жақын белсенділер: айырмашылығы неде?
44:38 Кәсіпкерлерге қысым күшейді
47:57 Ірі бизнес пен биліктің сыбайластығы әділ бәсекеге кедіргі келтіріп жатыр ма?
49:55 Шарлапаев бір өндіріске жарнама жасады
53:03 Белсенді кәсіпкерлерді қолдау керек
54:06 Өзіңізді адал адаммын деп ойлайсыз ба?
55:37 Қызметте адал ма?
57:04 Су тасқынынан зардап шеккендерге салынған үйлер сапалы, ешқандай шағым жоқ
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram