Көшеде самса сату үшін санитарлық кітапша керек, ал адам жанымен жұмыс істеу үшін ештеңе қажет емес пе?
Бүгінгі жағдай дәл осындай. Күйзеліске түскен жан Инстаграмнан әдемі парақшасы мен күмәнді сертификаты бар «психологты» табады. Соңғы ақшасын беріп, айлап барады, бірақ жағдайы нашарлай түседі. Ал шағымданайын десе -бұл сала мүлдем реттелмеген.
Егер аспаз халықты уласа - жауапқа тартылады. Ал егер жалған психолог адамның тағдырын құртса ше? Осы уақытқа дейін бұл үшін ешкім жауап бермейтін.
Біз бұл жағдайды түбегейлі өзгертеміз.
Жаңа заң жобасы аясында:
• Психологтардың нақты реестрі жасалады.
• Диплом талап етіледі.
• Нақты жауапкершілік бекітіледі.
• Кәсіби құпияны сақтау міндеті енгізіледі.
• Психолог пен психиатрдың аражігі нақты ажыратылады.
Мемлекет адамның психикалық саулығы -тұрмыстық қызмет емес, өте жауапты іс екенін заңмен бекітеді.
Біздің міндетіміз -көмек іздеген әр отандасымызға қауіпсіз әрі кәсіби жүйені ұсыну.
👍16
❤9
🔥2
⚡1
😱1
💯1
2 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram