avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
27.03.2026 08:15
Жақсы жаңалық. Неліктен?

Бүгін әрқайсымыз ай сайын табысымыздың 10%-ын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотқа аударамыз. Бұл қаражатты Ұлттық банк басқарады. Айта кету керек, соңғы жылдары басқару сапасы жаман емес.

Сонымен қатар, барлық азаматтар біле бермейді: қазір жинақтарының бір бөлігін, нақты айтқанда 50%-ына дейін, табыстылықты арттыру және тәуекелдерді әртараптандыру үшін жеке басқарушы компанияларға беруге құқық бар азаматтарда. Әрине, ештеңені өзгертпей, қаражатты толықтай Ұлттық банкке сеніп қалдыруға болады. Қалаған жағдайда әр азамат өз бетінше шешім қабылдап, жинағының бір бөлігін кәсіби басқарушыларға бере алады. Алайда бұл мүмкіндік әзірге кеңінен қолданылып отырған жоқ.

Біз екі негізгі түзетуді ұсындық.

Біріншіден. Азаматтардың қаражатын жеке басқарушы компанияларға беру шегін қазіргі 50%-дан 75%-ға дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Бұл жерде ең бастысы -бұл міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн.

Екіншіден. Азаматтардың өздері таңдаған басқарушы компанияға, осы жинақтарды икемді түрде басқаруға мүмкіндік беруді ұсынамыз: қаражаттың бір бөлігін консервативті құралдарға, бір бөлігін -табысы жоғары, бірақ тәуекелі де жоғары құралдарға, ал бір бөлігін теңгерімді бағыттарға орналастыру мүмкіндігін беру. Яғни «бәрі немесе ештеңе» емес стратегиясы емес, саналы таңдау.

Ұсыныстарымыздың мәні қарапайым. Ақша тек жатып қалмай, жұмыс істеуі тиіс.

Бұл -жинақтау міндетімен қатар, азаматқа өз қаражатын басқару құқығын беретін неғұрлым жетілген әрі әділетті жүйеге жасалған қадам.

Қазіргі таңда біздің түзетулер талқылау кезеңінде, және бұл мақала осы бағытта белгілі бір үміт ұялатады.
13
🔥 7
👍 2
🥰 1
1 1.7K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram