Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты жарияланады. Онда Палата спикері жаңа Конституция бойынша референдумның маңыздылығы мен оның негізгі жаңашылдықтары, Президент реформаларының бағыты ел мен азаматтардың санасын қалай өзгерткені туралы ойларымен бөлісті. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына ерекше назар аударылды.
Мәжіліс спикері жаңа Конституцияның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағын ашқан нағыз айтулы оқиға болғанын атап өтті. Журналистердің өзекті сұрақтарына жауап бере отырып, Ерлан Қошанов өткен референдумның басты нәтижелерінің бірі – қазақстандықтардың саяси кемелдігінің өсуі, азаматтық белсенділіктің күшеюі, Мемлекет басшысы мен жаңа Конституция төңірегінде қоғамның бұрын-соңды болмаған деңгейде ұйысуы екенін айтты.
Сұхбатты төмендегі сілтемеден оқи аласыздар.
https://admin.egemen.kz/article/409443-erlan-qoshanov-khalqymyz-tarikhi-tanhdauyn-dgasady *Ерлан Қошанов:Халқымыз тарихи таңдауын жасады* 19.03.26
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram