avatar
AIMAGAMBETOV
Переслано от канала
13.03.2026 18:07
Асхат Аймағамбетов: Мемлекеттің басты байлығы – адам

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Конституцияда білім, ғылым, инновация және мәдениет мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде бекітілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы ел байлығы табиғи ресурстармен өлшеніп келді. Алайда жаңа кезеңде мемлекеттің басты құндылығы адам және оның білімі мен қабілеті болуға тиіс.

«Біз ұзақ уақыт бойы байлығымыз жер астында деп келдік: металл, мұнай, көмір. Бірақ тастар армандай алмайды, жаңа дүние жасай алмайды. Оны жасайтын – адам. Сондықтан жаңа Конституцияның негізгі философиясы – мемлекеттің басты байлығы адам. Менделеев кестесі жердің астында емес, балаларымыздың басында болуы керек», – деді депутат.


Асхат Аймағамбетов коалиция мүшелері өңірлерді аралап, жұртшылықпен кездесулер өткізгенін айтты. Оның сөзінше, халық жаңа Конституциядағы білім мен ғылымды қолдауға бағытталған нормаларды ерекше қолдап отыр.

Депутат дамыған елдердің тәжірибесіне де тоқталып, адам капиталына инвестиция салған мемлекеттер аз уақытта үлкен нәтижеге жеткенін атап өтті. Мысалы, Финляндия білімге басымдық беру арқылы дамыған елдердің қатарына қосылса, табиғи ресурстары шектеулі Корея талант пен білімге сүйеніп, жоғары технологиялық экономиканы қалыптастырды.

«Жаңа Конституция – білім мен ғылым үшін берік қалқан, нағыз иммунитет. Бұдан былай бұл салалардың дамуы Ата заң деңгейінде бекітіледі. Бұл – болашақ ұрпақтың мүмкіндігін кеңейтетін маңызды шешім», – деді ол.


✔️ Сөз соңында депутат жаңа Конституция жас ұрпақтың арманы мен мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашатынын айтып, азаматтарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шақырды.
👍 12
6
🔥 4
👎 2
2.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram