Әріптестеріммен бірге Қарағандыда екі күн бойы бірқатар кездесулер өткіздік.
Емханаларда, мектептерде, колледждерде, аула клубтарында болып, еңбек ұжымдарымен жаңа Конституция жобасы туралы әңгімелестік.
Кездесулер ашық әрі шынайы өтті. Сұрақтар көп болды, қызықты пікірлер айтылды. Бұл -адамдардың бейжай еместігінің, мәселені тереңірек түсінгісі келетінінің белгісі.
Жоба нормаларын, олардың денсаулық сақтау, білім беру, мамандар даярлау жүйесіне және жалпы ел дамуына ықпалын талқыладық.
Кейбір тақырыптар бойынша әртүрлі интерпретациялар мен нақты дерекке сүйенбеген ақпараттардың да кездесіп жатқаны байқалды. Сондықтан факт пен пікірді ажыратып, қажетті түсіндірмелер беріп, мәселелерді байыппен талқылау маңызды болды.
Осындай ашық диалог өзара түсіністікті арттырады. Әңгіме бар жерде ортақ шешім табу жеңіл.
👍3
❤1
2.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram