15 наурызда референдум өтеді. Бұл –ел дамуы мен саяси мәдениетіміздің қалыптасуындағы өте маңызды кезең әрі азаматтар үшін қоғамдық келісімді айқындауға тікелей қатысу тетігі.
Референдумға дайындық аясында бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция құрылып, оның алғашқы жиыны өтті.
Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар – өздерінің көзқарастары мен жұмыс тәсілдері әртүрлі болса да – мемлекеттің негіздерін айқындайтын мәселелерде бірлесе әрекет ете алатынын көрсетті.
Талқылау мазмұнды әрі жүйелі өтті – жоба мәтіні, нормалар және Ата Заңның философиясы бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Конституция – елдің құқықтық жүйесінің іргетасы. Сондықтан оны талқылау да дәл осындай жауапты әрі мазмұнды болуы тиіс.
Жоба жарияланған сәттен бастап ең маңызды кезең басталады – нормаларды түсіндіру, азаматтармен ашық диалог жүргізу, болашақ нәтижелерін саралау. Ұсынылған өзгерістерді неғұрлым терең түсінсек, соғұрлым ел алдында тұрған міндеттерге деген сенім мен жауапкершілік арта түседі.
Конституция – бір күннің немесе бір саяси кезеңнің құжаты емес, ол ұзақ мерзімді бағдар. Сондықтан 15 наурыздағы шешім саналы түрде, мазмұнын толық түсіне отырып қабылдануы маңызды.
👎13
👍11
🥰4
❤1
4 2.9K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram