avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
11.02.2026 12:35
The Economist журналын тұрақты оқимын. Бұл жолғы мақала мектептегі цифрландырудың шынайы әсеріне арналған.

Соңғы он жылда әлем бойынша білім беру технологияларына жүздеген миллиард доллар жұмсалды. Логика қарапайым еді: экрандар, платформалар, деректер оқытуды тиімді етеді деген түсінік болды.

Алайда бірқатар тәуелсіз мета-зерттеулер бұл үміттің толық ақталмағанын көрсетеді. Сыныпта компьютерді шамадан тыс қолдану оқу нәтижесін жүйелі түрде жақсартпайды. Кей жағдайларда керісінше әсер береді. Әсіресе оқу, математика және базалық дағдылар бойынша экранға тәуелділік төмен нәтижемен байланысты.

Мәселе технологияның өзінде емес. Мәселе оны енгізудің философиясында.

Бастауыш сыныптарда тірі қарым-қатынас, тәртіп, зейіннің тұрақтылығы мен эмоциялық байланыс шешуші рөл атқарады. Экран бұл процестерді әлсіретуі мүмкін. Сұрақ «экран керек пе?» дегенде емес.

Сұрақ қай жаста, қандай көлемде, қай пәнде және қандай педагогикалық модельмен қолданамыз дегенде.

Ал Дания (басқа да мемлекеттер бар) қайтадан қағаз негізіндегі оқулықтарға көшіп жатыр.
👍 11
2
🙏 2
4 2.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram