avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
04.02.2026 10:28
Технологиялық прогресс мәселесінде декларация емес, нақты іс пен нәтиже маңызды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылында «AMANAT» партиясы ауқымды заң шығару жұмысын жалғастырып қана қоймай, сарапшылардың басын қоса отырып, жаңа бағыттарды айқындап келеді.

Партия жанындағы Цифрлық даму жөніндегі кеңестің жетекші мамандар, партия басшылығы және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысы бұған нақты дәлел.

Біз Цифрлық кодекс пен Жасанды интеллект туралы заң жобаларын әзірлеуге бастамашы болдық. Технологиялар ретсіз енгізілмеуі тиіс. Бұл заңдардың қабылдануы цифрлық мемлекеттің даму шеңберін нақты айқындайды және ең бастысы- азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект құқықтық тәуекелдер тудырмай, дәрігерге- емдеуге, мұғалімге -оқытуға, ал бизнеске дамуға көмектесуі үшін әр сала бойынша түзетулерді мұқият зерделеп жатырмыз. Этика, қауіпсіздік, тиімді пайдалану және зерттеу мәселелері- осының бәрі салалық заңнамада ескерілуі тиіс.

Цифрландыру тек Астана мен Алматымен шектелмеуі керек. Цифрлық алшақтық- бұл әлеуметтік теңсіздік. Сондықтан біздің басты назарымызда- ауылдардағы интернет сапасы мен өңірлік IT-хабтардағы жастарды қолдау. Тұрғылықты жеріне қарамастан, баршаға бірдей мүмкіндік берілуі тиіс.

Біз бүгін елдің цифрлық келбетін өзгертетін нақты шешімдерге басымдық беріп отырмыз.
👍 3
🥰 1
🤔 1
2.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram