avatar
AIMAGAMBETOV
Переслано от AMANAT партиясы
03.02.2026 18:26
Сөзден – жауапкершілікке: «AMANAT» партиялық бақылауды күшейтуде

Сайлауалды уәделер формалды ұғым емес. «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында осындай ұстаным айтылды. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Басқосу барысында Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстары назарға алынды. Аймақтарда жұмыс жүргізіліп жатыр, алайда инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселе бар. Аталған мәселелер мектептерге, медициналық нысандарға, автомобиль жолдарына және инженерлік желілерге қатысты болып отыр. Проблемалардың негізгі себептері де белгілі. Олар – қаржының уақтылы бөлінбеуі, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімінің созылып кетуі, мердігерлермен орын алған сот даулары, сондай-ақ жұмыс қарқынының төмендеуі.

Партия ұстанымы – айқын. Жобалардың күрделілігі мен өңірлердің ауқымы жұмыс барысындағы іркілістерге және артта қалушылыққа сылтау бола алмайды.

Жаңа Конституция бойынша өтетін алдағы референдумға байланысты жалпыұлттық маңызы бар міндетке де назар аударылды. «AMANAT» партиясы бұл бағытта ашықтыққа, тиянақты түсіндіру жұмысына, азаматтармен тікелей және адал диалог орнатуға басымдық береді. Партиялық бақылаудың барлық ресурсы осы жұмысты қамтамасыз етуге бағытталады.

Тағы бір маңызды қадам ретінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бірыңғай жол картасын әзірлеу жұмысы айтылды. Бұл құжат партияның, өңірлік құрылымдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ түпкі нәтижеге қатысты жеке жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді.
🤬 2
🥰 1
2.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram