avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
31.01.2026 09:53
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Біз, біртұтас Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,

Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап,

мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,

Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,

азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,

бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,

мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,

табиғатты аялау қажеттігін мойындап,

бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,

келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.
Литер (с текстом Конституции).pdf
2.61 МБ
👍 8
🤔 5
🤬 4
3
5 2.7K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram