avatar
AIMAGAMBETOV
@aimagambetov
28.01.2026 17:34
AIMAGAMBETOV Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады. – Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. @aqorda_resmi
Президент алматылық мұғалім Татьяна Белоусованы әлемдік деңгейдегі жетістігімен құттықтады. Мемлекет басшысының қарапайым мұғалімнің жетістігіне арнайы назар аударып, елеп-ескеруі – білім беру мен ұстаздарды қолдау мемлекеттік саясаттың шынайы әрі сөзсіз басымдығы екенінің айқын көрсеткіші.

Президенттің педагог мәртебесіне деген ұдайы қолдауы өз жемісін беріп келеді. Біздің ұстаздар – бүгінде әлемдегі ең үздіктердің қатарында.

Татьяна Геннадьевнаға шығармашылық табыс, жаңа жеңістер мен шабыт тілейміз!
👍 20
2
2.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram